Қазақстандықтар үшін жүргізуші куәлігін алу қиындай түседі: түзетулер қабылданды

Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қазақстандықтар үшін жүргізуші куәлігін алу қиындайтын өзгерістерді мақұлдады.

Мәжілістің Telegram-арнасында хабарланғандай, түзетулер қабылданғаннан кейін көлік құралын басқару құқығы жоқ және оны алмаған, көлікті жүргізу мүмкін емес жкғдайда ұсталынған, соның ішінде алкогольдік, есірткілік және/немесе уытқұмарлық масаң күйде болғаны үшін жауапкершілікке тартылған адамдар 7 жыл бойы жүргізуші куәлігін қайта алу үшін емтиханға кіре алмайтын болады.