Қазақстан мен Тәжікстан арасында тауар айналымын ұлғайту көзделіп отыр

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Тәжікстанның Қазақстандағы елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Тәжікстанның екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық саладағы ағымдағы жағдай, өзара тауар айналымын ұлғайту, инвестициялар тарту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мәселелері сөз болды.

Арман Шаққалиев Тәжікстан Қазақстанның өңірдегі негізгі сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Соңғы бес жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 34%-ға өсті.

«Біз Тәжікстанмен кең форматта күн тәртібіндені өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және нығайтуға ниеттіміз», — деді Арман Шаққалиев.