Қазақ балуаны үш жылға спорттан шеттетілді

Талғат Сырбаз
Фото: olympic.kz

Еркін күрес шебері Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан чемпионатында Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылған еді. Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Айта кетейік, Талғат Сырбаз 2021 жылы Азия чемпионы атанған балуан.