Алматыда дүкен өртенді

өрт
Фото: видеодан кадр

Алматыда Әуезов ауданындағы екі қабатты дүкеннен өрт шықты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, өрт Ықылас, 7Б мекенжайында сағат 08:20-да басталды.

Сондай-ақ ТЖД өртті оқшаулап үлгергендерін, енді оны толықтай сөндіру үшін белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Алғашқы құтқарушылар құрамы келген сәттен бастап 32 минут ішінде өртті оқшаулау мүмкін болды, — Алматы қалалық ТЖД.