Қостанай облысында жоғалып кеткен бойжеткен өлі күйінде табылды

16 жастағы қыз 26 маусымда жоғалып кеткен. Ол үйден кетіп, оралмады. 28 маусымда Қостанай облысында Дарья Тиронина өлі күйінде табылды.

DOS еріктілерінің іздестіру-құтқару тобы екі күн бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Біздің сауалымызға облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Дарья Тайронинаның өлімінің мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.