«Жиырмада»: Мұхамеджан Тазабек неше баласы бар екенін айтты

Мұхамеджан Тазабек
Фото: nur.kz

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Instagram-парақшасындағы балалары жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Мұхамеджан Тазабектен оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, неше баласы бар екенін айтты.

«Аллаға шүкір, төрт қыз, екі ұлым, жиен немерем бар», — деп жауап жазды ол.

Фото: Instagram/mukhamedzhan_tazabek

Сондай-ақ ол үлкен ұлының жасы қаншада екенін де айтты.

«Жиырмада. Үлкен ұлыма келін іздеп жүрмін», — деді Мұхамеджан Тазабек.