Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін, 29 қазан елімізде Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс салдарынан қаза тапқандарды аза тұту күні.

Кеше, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Соңғымәліметтерге сәйкес, 33 кеншінің денесі табылды. Қалған 13 адам әлі іздестіріліп жатыр.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Шахтаға келе салысымен, менің жетекшілігіммен жедел штаб құрылды. Оның құрамына жауапты тұлғалар мен әріптестер кірді. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника мен марқұмдар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсетіп жатқан 3 психолог жұмыс істеуде. (8-7172) 49-72-70, (8-7212) 51-72-23 жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр, — деп жазды облыс әкімі.