Екі Франция азаматы Байқоңыр ғарыш айлағының аумағына өтпек болды

657482145

Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағы аумағына екі француз кірмек болды, олардың бірі сусызданудан қайтыс болды, деп хабарлады ozgeris.info РИА Новостиге сілтеме жасап. 

«Бір күн бұрын екі француз азаматы космодром аумағына кіруге тырысты, олар «классикалық» бағытты таңдаған. Олар тас жолға шығып, даладағы биік үйлерге қарай бет алған».

Француздың айтуынша, досына өз бетімен көмектесе алмай, қайтадан тас жолға қарай жүгірген. 

«Ол тас жолға жеткенше, көлікті тоқтатқанша, жағдайды түсіндіріп, көмекке шақырғанша, біріншісі сусызданудан қайтыс болды»,- деп қосты дереккөз.

Байқоңыр ежелден экстремалды туристерді қызықтырып келеді. Осылайша, 2022 жылы Ұлыбритания азаматы Бенджамин Рич пен Беларусь азаматы Алина Зелупа ұсталды. Олар №112 ұшыру алаңына жетті, онда кеңестік «Буран» ғарыш кемесінің екінші ұшу данасы орналасқан. 

Айта кетсек Байқоңыр аумағында ау райы күндіз +33 градусты құрайды.