Қызылордада адамдарды ұрлап, мүлкін тартып алған қылмескерлер тұтқындалды

Қызылордада қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілуде.

Polisia.kz хабарлағандай, мамыр айында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның келісуімен аймақтағы жағдайға теріс ықпал еткен қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Топ мүшелері өз мақсаттарына жету үшін адамдарды ұрлап, мүліктерін тартып алған, сонымен қатар қылмыстық дауларға қатысқан.

«Айта кететін жайт, қамауға алудың нәтижесі ұзаққа созылған жедел іс-шаралардың алдында болды. Олардың топтық әрекеті туралы айғақтарды жинау көптеген қылмыстық байланыстардың болуымен қиындады. Барлық фактілер тексеріліп жатыр», — деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Топтың негізгі мүшелері тұтқындалып, атыс қарулары, травматикалық қарулар мен ірі көлемдегі ақша тәркіленді.

Фотосурет Polisia.kz сайтындан алынды.