Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойнауға тыйым салынады

Мәжіліс депутаттары бүгін палатаның пленарлық отырысында қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойынына тыйым салынатын заң жобасын мақұлдады.

Мұндай норма ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі заң жобасына ілеспе түзетулерге енгізілді.

«Шектеу барлық мемлекеттік қызметкерлерге қатысты болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заң бар, оның аясында 12-бап — сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу бар. Мемлекеттік қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері — шамамен 220 мың адам — кез келген ойындарда шектеледі «, — деп атап өтті мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев.