Турген шатқалындағы квадроциклден құлап кеткен турист омыртқасынан жарақат алды

Алматы облысының Түрген шатқалында демалыс аймағында қайғылы оқиға болды. Турист квадроциклден құлап, омыртқасынан жарақат алды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқиға орнына ТЖД республикалық жедел-құтқару жасағы мен жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді.

Зардап шегушіні «Қазавиаспас» тікұшағымен эвакуациялады. Ер адам Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылды.