Алматы облысында мектеп қабырғаларында алып тесіктер пайда болды

Интернет желісінде Алматы облысы Жамбыл ауданының мектеп жағдайы түсірілген бейнежазба тарап жүр. Нақты бейнежазбада мектеп қабырғаларындағы алып тесіктерден сырттағы көше көрінетіні көрініп тұр.

Еңбекшіарал ауылының тұрғындары облыс әкімдігінің жауапкершілігінің жоқтығына таңқалуда. Тұрғындардың айтуынша облыс әкімі мектеп жағдайымен таныс.

Облыс әкімдігінің баспа сөз қызметі өзінің telegram арнасында бұл мәселелер наурыз айындағы жер сілкінісінден кейін пайда болғаны және дәл осындай күйде тағыда бірнеше мемлекеттік мекемелер бар екендігін айтқан болатын. Әкімдіктің айтуы бойынша мекемелердің жағдайын дұрыстауға арнайы комиссия құрылып, ғимараттардың қайта құрылуы жоспарланып отыр.