Атырауда өз бөлімшесінен қару алып қашып кеткен әскери қызметкер ұсталды

Атыраудағы әскери бөлімнен қару ұстаған сарбаз қашып кетті. Қашқын табылып, қамауға алынды, деп хабарлайды «Ақ Жайық».

Әлеуметтік желіде сарбаздың түнде қашып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Атырау гарнизонының баспасөз қызметі әскери қызметшінің өзіне бекітілген қарумен рұқсатсыз әскери бөлімнен шығып кеткені туралы ақпаратты растады. Олар зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әскери қызметкердің ұсталғанын хабарлады.

«Кезекшілік орнын қарумен тастап кету фактісі бойынша Батыс РВМУ мерзімді әскери қызметшіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

Тергеу мүддесі үшін полиция мен әскери гарнизон басқа ақпаратты ашпайды.