Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар Армения Республикасының Премьер-Министрі – ЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы алдағы өзара іс-қимылдың негізгі міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген практикалық аспектілері бойынша пікір алмасу болды.