Давид Немировски «Барыстың» бас бапкері болды

Хоккей клубының маманымен келісімшарты бір маусымға жасалған.

«Біз бас бапкерді таңдау үшін тынымсыз жұмыс жасап, Немировскийді таңдауды жөн көрдік. Дэвид «Астана» мен Қазақстан туралы жақсы біледі; Енді біз оны басқа қырынан көреміз. Жақын арада біз жаңартылған жаттықтырушылар құрамын жариялаймыз және алдағы маусымға арналған тізімді жасақтауды жалғастырамыз. Бұл ынтымақтастық жемісті болып, командамыз Лигадағы бұрынғы орындарына оралады деп сенеміз», — деді бас менеджер Олег Болякин.