569млн теңгеге артық төленді

Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжіметденов Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты мемлекеттік сатып алулар бойынша талдау жүргізуді талап етті.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу тәсілінің жетілмегендігінен қаражаттар көп жағдайда тиімсіз жұмсалады, адал бәсекелестік қағидаты бұзылады және сапасыз тауарлар алу фактілері жиі кездеседі.

Ол мысал ретінде бір көзден сатып алуды, атап айтқанда ветеринарлық препараттарды келтірді. 2023 жылға дейін Ауылшармині ашық конкурс арқылы ветеринария желісі бойынша препараттарды сатып алды. Ол кезде күйдіргіге қарсы тек бір ғана атауды жыл сайын сатып алу бірнеше ондаған миллион дананы құрады.

Ол атап өткендей, бұл тауарларды жеткізуге, бюджет шығындарына және нарықтың бұзылуына жасанды монополия құрумен байланысты.

Депутаттың талаптары:

  • Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ветеринариялық препараттарға қатысты бәсекелестiк ортасы болған жағдайда тiкелей шарт жасасу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуларды жүргiзудiң заңдылығы мен тиiмдiлiгiне мұқият талдау жүргiзу.
  • Барлық орталық мемлекеттiк органдардың тiкелей шарт жасасу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуларды жүзеге асыруының бюджет қаражатын тиiмдi жұмсау тұрғысынан тиiмдiлiгiне тиiстi талдау және бағалау жүргiзу.
  • Осы депутаттық сауал негізінде ҚР Үкіметінің мемлекеттік сатып алуларды жүргізуді құқықтық қамтамасыз етудің тікелей шарт жасасу тәсілімен мүмкін болатын жүйелі өзгерістері туралы пайымын ұсыну.