Алматылықтарға жылу желілерін сынау туралы ескертілді

Алматылықтарға жылу желілерін сынау туралы ескертілді

2024 жылғы 24 сәуірден 15 мамырға дейін Алматының барлық аудандарының аумағында жылу желілерін гидравликалық сынау жүргізілетін болады.

Бұл күндері күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін, Магистральдық және тарату құбырларын тексеру тікелей жүргізілетін кезде, қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына өте мұқият болуға, қарапайым сақтық ережелерін сақтауға кеңес береміз!

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар жоққа шығарылмайды: су бетіне шығу, жол бетінің бұзылуы, тағы басқалары», — деп ескертті «,- Алматы жылу желілері» ЖШС мамандары.

Мұндай жағдайларда қала тұрғындарынан «Алматы жылу желілері» ЖШС-не 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 телефондары бойынша хабарлап, оқиға орнынан дереу кетуді сұрады.