Ұлыбритания СІМ басшысы Дэвид Кэмерон Астанаға келді

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Астанаға келді, деп хабарлайды Қазақстанның СІМ баспасөз қызметі.

«Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму істері министрі Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келді», — делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Кэмеронның сапары барысындағы талқылаудың басты мәселесі ынтымақтастықты тереңдету болады деп күтілуде.