Әлемдегі ең үздік балуан — қазақ!

Қазақстандық еркін стиль балуаны Азамат Дәулетбеков 86 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингінде көш бастады.

Қазақстандық балуанның активінде 52 400 ұпай бар. Екінші орында 45 000 ұпаймен американдық спортшы Дэвид Тейлор тұр. Үздік үштікті Сан-Маринодан келген күрескер Майлс Назем Амин (44 000 ұпай) аяқтайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен Азия чемпионатында Азамат Дәулетбеков үш дүркін чемпион атанды. Бұған дейін ол Ұлан-Баторда (2022 жыл) және Астанада (2023 жыл) өткен екі континентальдық біріншіліктің подиумын бағындырған болатын.

Жеңістен кейін Дәулетбеков Бішкектегі турнирдегі өз ойын қорытындылап, жеңісті кімге арнағанын айтты.