Цифрлық технологияны дамыту маңызды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев палата бю­росының отырысын өткізді. Онда де­пу­таттар 2 мамыр күні өтетін Сенат отыры­сы­ның күн тәртібін бекітті.

Бейсенбідегі отырыста сенаторлар «2013 жыл­ғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкі­меті мен Ресей Федерациясының Үкіметі ара­сын­дағы Қазақстан Республикасының аумағы ар­қылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұ­найды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық ту­ралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хат­та­маны ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Хаттама транзит көлемдерін, мұнай транзиті үшін тарифтер мен төлемдерді жаңартуды, сондай-ақ келісімді онжылдық кезеңге 2034 жылғы 1 қаң­тар­ға дейін ұзартуды көздейді. Сондай-ақ құжатта ке­лісімді жүзеге асыратын құзырлы органды анық­тауға қатысты өзгерістер енгізілген: Қазақстан жа­­­­ғынан – Энергетика министрлігі, Ресей жа­ғы­нан уәкілетті ұйым – «Роснефть» мұнай ком­па­ния­сы.

Сондай-ақ Палата отырысында «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақ­сарту және артық заңнамалық регламенттеуді бол­ғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заң қаралады. Бұл заң коммуникациялық инфрақұрылымды да­мы­туға, перспективалы телекоммуникациялар мен цифрлық технологияларды тарту үшін қо­лай­лы заң­намалық жағдайлар жасауға және инно­ва­ция­лық экожүйені одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Одан бөлек, бюро отырысында Мәжілістен ке­ліп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты коми­тет­терге бөлініп берілді.

Фото: Сенат