Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас тағы да құқық бұзушылықтарымен көзге түсті

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас тағы да құқық бұзушылықтарымен көзге түсті. Бұл жолы әнші концертте әдепсіз сөздер айтқаны, сондай-ақ көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салынды.

Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін оған 20 АЕК (шамамен 73 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Ал қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін – 5 АЕК (18 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынады.

Эстрада жұлдызымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.