«Кім не айтпай жатыр?» Балғынбек Имаш өзін алаяқ дегендерге жауап берді

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш өзін алаяқ дегендерге жауап берді, «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Заңгер Айгүл Орынбек «Аманат хоум» салымшылары шығып жатыр көмек сұрап жатқанын айтқан болатын.

«Балғынбек Имашев сізге сеніп ақша салған денеңіздің бөлшектеріне ақшаларын қайтарып беріңіз жылатпай, ұят болады!», — деді заңгер.

Айгүл Орынбек жазбасында көпбалалы ананың алданғаны туралы скриндерді бөліскен. Айтыскер ақын заңгердің айыптауларына жауап берді.

«Кім не айтпай жатыр? Қазір әр адам өз қателігін мойындамай, кінәні өзгеден іздейтін заман ғой. Баласы жаман болса нағашы кінәлі, сабағы жаман болса мұғалім кінәлі, тұрмысы нашар болғанына әкім кінәлі, біреуге алданса, таныстырған адам кінәлі. Әйтеуір, өзіміз түзу, қалғаны қисық деген психология», — дейді айтыскер.

Балғынбек Имаш салымшыларды ең алдымен кооператив дегенді түсінбейтінін айтады.

«Ол жерде төраға үй әпермейді, адамдар ұжымдасып, бір-біріне үй әпереді. Егер кооперативке жаңа мүшелер кірмесе, үй әперу тоқтайды. Сондықтан, проблема туындайды. «Аманат хоум» деген кооперативке Көңілбай Шүкенов деген жігітке сеніп, кіргенмін. Кейін өз ішінен шу шығып компания екіге бөлінді. Мен құжаттарына қарап, бір тарапты жақтадым. Екі ай жүрдім, олар мен қойған шарттардың бірін де орындамаған соң шығып кеттім. Одан кейін мүлдем араласпадым», — дейді ақын.