«Үйлеріңізге оралуға асықпаңыздар»: құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына үндеу жолдады

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы жақсарып келеді – екі күнде Есілдегі су деңгейі 20 сантиметрге төмендеді, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты. Бір күннің ішінде су деңгейі 14 сантиметрге төмендеді. Бұл екінші толқынның шыңында Есіл көтерілген биіктіктің төрттен біріне жуық.

Жағдайдың жақсарғанына қарамастан, құтқарушылар азаматтардан полиция бекеттерін айналып өтіп, су басқан үйлеріне баруға асықпауды сұрайды.

«Барлық солтүстікқазақстандықтарға өтінішім: қазір үйлеріңізге оралуға асықпаңыздар, бұл әлі де өте қауіпті. Бірнеше күн бұрын ауылдардың бірінде тұрғындар резеңке қайықпен үйлеріне жетпек болған кезде оларды ағыс алып кеткен, қатты жел, қатты ағыс, оларды алып кеткен жағдайды тіркедік. Сондықтан өміріңізді қатерге тігудің қажеті жоқ», — деді СҚО ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі бас маманы Евгений Журавлев.