Мемлекетке қайтарылған 23 кен орны аукционға шығарылады

Биыл жазда отандық 100-ден астам кен орны аукционға шығарылмақ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров мәлім етті.

«Өткен жылы 74 жер қойнауы учаскесі бойынша 2 аукцион өткізілді, нәтижесінде қол қою бонусы шамамен 3,5 млрд теңгені құрады. Биыл 30 маусымға дейін қайтарылған 23 және резервтегі 83 кен орнын аукционға шығару жоспарланып отыр. Аукциондар ел аумағында өндірісті орташадан төмен емес деңгейде іске қосу және төлемдерді өңірлердің әлеуметтік даму бағытына аудару міндеттемелері негізінде өткізіледі», — деді Ерлан Ақбаров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, комитет басшысы Президент 2026 жылға қарай еліміздің зерттелген аумағын 2,2 млн шаршы шақырымға жеткізуді тапсырғанын тілге тиек етті.

Фото: Павлодар облысы ТЖД