Елордада қоғамдық көліктерде билетсіз жүретін жолаушылармен күрес басталды

«Жаңа адамдар» Жастар қозғалысы «Зайцам Нет» азаматтық науқаны арқылы елордадағы автобустарда жолақы төлемейтін жолаушыларға ескерту жасап, шара қолданатынын хабарлады. 

«Зайцам Нет» жобасының көшбасшысы Әлішер Нусанбаевтың айтуынша, жыл басынан бері Астанада қоғамдық көліктерде билетсіз жүрген 124 мыңнан астам жолаушы анықталған. Елордалық ПД қызметкерлері 5 614 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартып, жалпы сомасы 41 миллион теңгеден астам айыппұл салған.

Әр апта сайын аталған топ мүшелері рейдтерге шығып, жолақысын төлемейтін жолаушыларды анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Төлемеген жағдайда олардың видеосын әлеуметтік желіге жарияламақ.

«Құрметті, жолаушылар! Қоғамдық көлікке мінген әрбір дені сау адам жолақысын төлеуден жалтармауы керек. Біз командамызбен қоғамдық көлік тәртібін сақтамаған адамдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайынбыз», — деді Әлішер Нусанбаев.

Фото: pixabay.com