«Балаларды жалғыз жібермеңдер». Қарқаралыда адамдарға қасқыр шапты

Қарағанды ​​облысы Қарқаралыда қасқыр адамдарға шабуылдап жатыр.

Жыртқыш аңнан үш адам зердап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Бұл мәліметті Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

Бір тұрғынды бірнеше жерінен тістеген, екіншісінің жарақаты терең. Үшіншісінде тек сызаттар бар. Жағдайлары бірқалыпты, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді, — делінген басқарманың баспасөз қызметі хабарламасында.