Такси жүргізушілеріне президент фотосын өздерімен бірге алып жүру міндеттелді

Түркіменстанның полиция қызметкерлері жаңа президент Сердар Бердімұхамедовтің портреттерін такси жүргізушілеріне сата бастады, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы. 

Мары велаятында жол полицейлерінің жаңа талаптары тіркелді.

«Азаттық» радиосының хабарлауынша, тәртіп сақшылары «адамдар бұл көліктің такси екенін көруі үшін» көліктердің алдыңғы әйнегіне таңбалауға арналған өнімдерді тарата бастады.

Жол полициясының қызметкерлері қарапайым қағаздың стандартты парағына төрт портретті басып шығарды. Сосын көшірген портреттер бізге сатылады», — дейді такси жүргізушілері.

Ozgeris.info порталы