Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Құрметті отандастар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық құндылықтарын нығайту үшін маңызы зор. Әскери борышты орындауда нағыз патриотизм айқын көрініс табады, өйткені Отанға және халыққа адал қызмет ету — әрбір жауапты азаматтың қасиетті міндеті «, — деп бастады өз құттықтауын Президент Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық мүдделерді қорғауға, аумақтық тұтастықты сақтауға, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге басты назар аударады. Біздің батыл армиямыз ел егемендігінің кепілі, біздің мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі болып табылады.

Мемлекет басшысы елдің қорғаныс қабілетін күшейту, әскери қызметшілерді қолдау — мемлекеттік саясаттың өзгермейтін басымдықтары деп санайды.

«Біз Қарулы Күштердің әлеуетін оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нақты жедел міндеттерді орындау барысында да көріп отырмыз. Сарбаздар мен офицерлер таяуда болған ауқымды су тасқынымен күресте алдыңғы қатарда болды. Олар өздеріне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындап, нағыз патриотизмнің лайықты үлгісін көрсетті. Қарулы Күштеріміз аман болсын! Баршаңызға мықты денсаулық және бақ-береке тілеймін! « — деп құттықтады Тоқаев.