Су тасқынынан зардап шеккен борышкерлерге шоттарды жабу тоқтатылып, кейінге қалдырылды

Әкімдіктер мемлекеттік кірістер органдарына су тасқынынан зардап шеккен 6 018 салық төлеушінің тізімін жіберді. Оның ішінде 91 салық төлеушіге мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы — жалпы сомасы 315 млн теңгені құрайтын шоттарға тыйым салу алынып, кейінге қалдырылды.

Су тасқынынан зардап шеккендердің қаржылық есептілігі бойынша кейстер автоматты түрде пысықталады, ешқайда жүгінудің қажеті жоқ. Оларға 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі салық есептілігінің барлық нысандары бойынша тапсыру мерзімдері 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.