Үкіметтің қосылған құнға салынатын салықты арттыру жоспарын қатаң сынға түсті

13 қазан 2023 жыл. «Ақ жол» партиясы Үкіметтің қосымша құн салығын арттыру жоспарын қатаң сынға алды. Азат Перуашев сайлаушылардың өтінімдері бойынша Үкіметтің атқарған жұмысы туралы сөйлеген сөзінде мұның не саботаж, не сауатсыздық екенін айтты. Фракция жетекшісі партияның мұндай арттыруға қарсы екенін айтып, басқа фракцияларды да бизнесті қорғауға шақырды, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

«Оларға жұмыс жасауға мүмкіндік беріңіздер — несиелерді қазіргі 22-23%-дан тым болмағанда 10-12%-ға дейін төмендетіңіздер; тарифтердің бөтеннің қалтасына емес, энергетиканы жаңғыртуға жұмсалуын қамтамасыз едіңіздер; президент тапсырғандай, әлеуметтік тауарлар үшін салықты азайтыңыздар. Ал, сіздер керісінше ҚҚС-ты 12-ден 16%-а дейін көтермексіздер. Бұл саботаж ба, сауатсыздық па?

«Ақ жол» фракциясы мұндай салықтарға қарсы екенін алдын ала мәлімдеп, өзге фракциядардағы әріптестермізді бизнесті үкіметтің қол сұғушылығынан қорғауға шақырамыз», — деді депутат Азат Перуашев.