Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемесі: Несиелер бойынша пайыздарды төмендете ме?

13 қазан 2023 жыл. «Ақ жол» Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемесін сынға алып, несиелер бойынша пайыздарды  төмендетуге шақырды — бұл туралы Азат Перуашев сайлаушылардың өтінімдері бойынша Үкіметтің атқарған жұмысы туралы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

«Мемлекеттік органдар инфляциямен қарама-қайшы әрекеттер арқылы күреспек: Ұлттық банк бизнес үшін несиелердің тым қымбаттап кетуіне алып келетін базалық мөлшерлемені шарықтатуда.

…шынтуайтында сіздер банк олигархтары мен энергетика олигархтарын қолдап отырсыздар. Ал, ақыр аяғында барлығы шағын және орта бизнестің мойнына артылуда, алайда, олар да осы елдің бір бөлшегі.

Олар офшорларға қаржысын шығармайды, яхталары мен жеке ұшақтары жоқ, керісінше, күнделікті табанды еңбегімен қосымша құн жасап, экономиканы ілгерілетуде. Оларға жұмыс жасауға мүмкіндік беріңіздер — несиелерді қазіргі 22-23%-дан тым болмағанда 10-12%-ға дейін төмендетіңіздер» — деді Азат Перуашев.