Павлодарда 30 жылдан астам жасырынып келген зорлау бойынша күдікті ұсталды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Павлодар облысы полиция басқармасының жедел уәкілдері екі күн ішінде қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 11 адамның тұрған жерін анықтады.

Олардың бірі зорлау бойынша күдікті. Ведомствоның мәліметінше, ер адам қылмысты сонау 1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысында жасаған.