«AQMOLA POWER» жыл сайынғы инновациялық идеялар мен жобалар байқауы өтті

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы жастардың шығармашылық, білім беру және әлеуметтік бастамаларын дамыту және қолдау, жас адам тұлғасын дамыту, жастардың жобалық-зерттеу және ғылыми жұмысқа қатысуын ынталандыру мақсатында Ақмола облысы ББ жанындағы «Болашақ сарайы» ШЖҚ МКК салтанат залында өзінің жыл сайынғы жастар, студенттер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер арасында «AQMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалардың аймақтық байқауын өткізді.

I кезең – байқау материалдарын қабылдау және жүйелеу. II кезең – ең жақсы жобаларды іріктеу. ІІ кезеңнен өткен қатысушылардың тізімі инстаграмдағы ресми парақшасында жарияланды. III кезең – 2-кезеңнен өткен жобалардың презентациясы, марапатталуы анықталды.

Байқауға жастар, мектеп оқушылары сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, жоғары оқу орындарының студенттері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, жас оқытушылар, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты. Сондай-ақ, байқауға 5 адамнан аспайтын идея авторларының топтары қатыса алды.

Аталған 2 кезеңнің қорытындысы бойынша 50 қатысушыдан 30-дан астамы ақтық кезеңге өтті.

«Атап өтсек, аталмыш шараны жыл сайын ұйымдастырып отырамыз. Жастар арасында түрлі бағытты қамтитын жобалар еліміздің дамуына әсерін тигізеріне кәміл сенемін. Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданды. Әрбір қатысушы өз жобалары мен идеяларын жоғары деңгейде қорғап шықты деген ойдамын. Әрқайсысыларына қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Ал жеңімпаздарды жыл соңында «Жас Ақмола» іс-шарасында марапаттайтын боламыз» — деп облыстық ЖРО басшысы – Мәнсия Есекеева тоқталып кетті.

Байқаудың комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі жобалар төрт жүлделі орынға ие болды. Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялар бағыты бойынша 1-орын – «Eco Tracker» мобильді қосымшасы жобасымен Әли Рустамұлы, 2-орын – «Iqr мобильді қосымшасы» жобасымен Оразов Оңдасын Шортанбайұлы жеңіп алды. Экология және табиғатты пайдалану саласындағы бастама бағыты бойынша 1-орынға «Қайталама  шикізаттан 3D принтерге арналған жіп жасау» жобасымен Талғат Мақсат Ринатұлы, Қайрат Ерасыл Манатұлы, Камалов Тимур Рамазанұлы  ие болды. Сондай-ақ, «Био тыңайтқышты дефференциалды енгізумен цифрлық суару» жобасымен 1-орынды Аязбай Мәулен мен Сейфен Өркен ұтысқа ие болса, 2-орынды «Көкшетаудың атмосфералық ауаның экологиялық жағдайына мониторинг жүргізу» жобасымен – Ғалымбай Ділназ Нұрлыбекқызы ие болды. Тағы да бір 2 орынды «SMART» жылыжай жобасымен Қойшыбаев Абылай, Ерболатов Дамир, Шалабаев Рахим иеленді. Ал жүлделі 3-орынды «Эйхорнияны қолдану арқылы көлдерді тазарту» жобасымен Қайрош Думан Мейрамбекұлы ұтып алды. «Табиғатқа ұқыпты қарағаны үшін» номинациясын ұтып алған «Көміртекті ферма» жобасымен Кенжебаев Алдияр, Шамелова Жанель Ерікқызы,Билялова Әсел Мырзатайқызы. Одан әрі, «Энергетика саласындағы инновациялар бағыты» бойынша 1-орынды «Теміржол дірілінен энергия генерациялау құрылғысы» жобасымен Кәрім Диасәлі Маратұлы алса, 2-орынға «DIY ағаш токарлық» жобасымен  Жұмабеков Руслан Маратұлы ие болды. 3-орын  «Қала типтегі шағын гидроэлектростанциясы» жобасымен Тұяқ Алан Төлебекұлына бұйырды. «Креатив» номинациясын «Өз қолыңызбен энергияны қалпына келтіретін Электросомакат» жобасымен Торичный Александр Сергеевич еншісіне салды. Қоғамдық қауіпсіздік бағыты бойынша 1-орын «Saq Sapar -радиолокациялық технология негізінде ЖКО алдын алу жүйесі» жобасымен Кәрім Асанәлі Маратұлы ұтып алса, 2-орын – «Helphand» қосымшасы жобасымен Дакиева Милана Темерлановна иеленді. 3-орын «Экодуктарды ұйымдастыру, туристік орындардың биортүрлілігін сақтау тәсілі» жобасымен Синькевич Матвей Вячеславовичке бұйырды. «Әлеуметтік жоба» номинациясына «ЕБҚ бар балаларға арналған білім беру ойыншықтары» жобасымен Кадиров Руслан ие болды.

Кеш соңында Жастар-ресурстық орталығы Есекеева Мәнсия Мұхтарқызы атынан байқауға қатысушылардың әрқайсысына алғыс білдірді.

                                                                                                                                                              Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы

   Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының

баспасөз қызметі

            (Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)