Ел бойынша 12 мыңнан аса отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тасқыннан зардап шеккендерге залал орнын толтыру бойынша жұмыстар жалғасып келеді. 

Бүгінде өңірлік комиссияларға 21 мыңнан астам өтініш қалдырған. 12 мыңнан аса отбасы 369 200 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды. 

Мал шығыны бойынша өтемақы көлемі 211 млн 500 мың теңгеге жеткен. Тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі 3 800-ден аса тұрғын үй тексеріліп, оның 2 мыңнан астамында бағалау жұмыстары жүргізілді.