Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты екі көше жабылады

Орташа жөндеу жұмыстары Қарталы көшесінде — Ақан Сері көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі учаскеде жүргізіледі.

Осыған байланысты 7-20 мамыр аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығы.

Сондай-ақ, жүргізушілерге Мамбетов көшесінің Кенесары көшесінен Бұхарбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы ескертілді. 8 мамырға дейін жол қозғалысы толығымен жабылады.