ШҚО-да аула жұмыстары кезінде ер адам плитамен қысылып қалды

ШҚО-да аула жұмыстары кезінде ПИК-тің штаттан тыс қызметкерінің аяғы плитамен қысылды — ер адам құтқарушылардың көмегін қажет етті, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Оқиға Серебрянск қаласында көп қабатты үйдің ауласында жоспарлы жұмыстар жүргізу кезінде орын алды. Ер адамның аяғы плитамен қысылып қалды. Көмекке ШҚО ТЖД құтқарушылары келді.

«Тиегішті де іске қосуға тура келді. Құтқару арқанының көмегімен 1973 жылы туған ер адамды ТЖМ қызметкерлері көтеріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды «, — делінген ведомство хабарламасында.