Елорда прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ықпалды

Астана қаласының аудандық прокуратураларында елордалық инвесторлармен, кәсіпкерлермен, уәкілетті органдармен, «Атамекен» ҰКП кездесулер өтті.

Кездесудің мақсаты – проблемалық мәселелерді талқылау, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасында сенімді өзара іс-қимыл орнату және инвестициялық ахуалды жақсарту.

Отырыс қорытындысы бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шешім қабылданып, жеке кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу үшін ауызша түсініктемелер берілді.

Елорда прокуратурасы «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, әр бейсенбі сайын сағат 15.00-де кәсіпкерлерді қабылдау өткізетінін естеріңізге саламыз.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерді апталық қабылдау кестесі (Б.Момышұлы көшесі, 2/1)

Прокуратураның атауы Апта сайын  бейсенбі күндері

сағат 15.00-де

1. «Алматы» ауданының прокуратурасы 16.11.2023ж.
2. «Байқоныр» ауданының прокуратурасы 23.11.2023ж.
3.  «Есіл» ауданының прокуратурасы 30.11.2023ж.
4.  «Нұра»  ауданының прокуратурасы 07.12.2023ж.
5. «Сарыарқа»  ауданының прокуратурасы 14.12.2023ж.
6. Астана  қаласының прокуратурасы 21.12.2023ж.

Астана қаласының прокуратурасы