Астраханда белгісіз затпен уланудан бес адам қайтыс болды

Астраханда белгісіз затпен уланудан бес адам қайтыс болып, тағы 14 адам ауруханаға жеткізілді

 

Астраханда белгісіз заттан улану салдарынан бес жергілікті тұрғынның қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тағы 14 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады РФ-ның Астрахан облысы бойынша тергеу комитеті.

 

9 мамырға қараған түні Астрахан қаласының Совет және Трусов аудандарының аумақтарынан 5 адамның денесі түрлі орындардан, соның ішінде көлік құралдарынан табылды. Қаза тапқандар — 18-40 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың барлығы нашақор.

 

Астрахандықтардың өлімінің алдын ала себебі — белгісіз затпен улану. Осындай диагнозбен тағы 14 адам ауруханаларға жеткізілді, олардың 11-і ауыр жағдайда реанимацияда жатыр.