Ресей мен Қырғызстан арасында дипломатиялық жанжал туындады

Қырғызстан СІМ Ресейдің құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Мәскеудегі Қырғызстан елшілігінің қызметкерлерінің бірінің отбасы мүшелеріне қатысты дөрекілігі үшін жазалауды талап етті.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 12 сәуірде СІМ Консулдық департаментіне Ресей Елшілігінің кеңесші-консулы Андрей Бурьев шақырылды. Оған ресми наразылық нотасы табысталған. Қырғызстан Мәскеудегі дипломаттардың бірінің отбасы мүшелеріне қатысты дөрекі қарым-қатынасты тергеуді талап етті. Ресейлік полицейлер Қырғызстан елшілігінің кеңесшісінің үйіне кіріп, дипломаттың туыстарына күш қолданған.

«Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары тарапынан Қырғыз Республикасының дипломатиялық өкілдігінің аккредиттелген қызметкерлеріне қатысты мұндай әрекеттері дөрекі екендігін, бұл іс бойыншы мұқият қарауды және кінәлі адамдарды қысқа мерзімде жауапқа тартуды талап етеді», — деп түсіндірді Қырғызстан СІМ.

Консул Бурьев өкініш білдіріп, бұл факт бойынша тексеру жүргіземіз деп уәде берді.