Байқоңыр балабақшасындағы Ресей туы мен Георгий таспасы Қазнетті ашуландырды

Байқоңыр қаласындағы балабақшалардың бірінде ресейлік атрибутиканы пайдалана отырып, «мәңгілік полкы» өткізілді. Шара туралы ақпарат пен фотосуреттер балабақшаның әлеуметтік желілердегі бетінде пайда болды.

Байқоңыр қаласы Қазақстан аумағында орналасқан, Ол 1994 жылы Ресейге 20 жылға жалға берілген және РФ субъектісі болып табылмайды. 2004 жылы мерзім 2050 жылға дейін ұзартылды.