Ресейде 3,5 мыңнан астам үй су астында қалады

Өңірлік үкіметтің болжамы бойынша, алдағы уақытта Жайық өзеніндегі су деңгейінің өсуіне байланысты 7 муниципалды құрылымның 25 елді мекеніндегі 3580 тұрғын үйді және 3950 үй жанындағы учаскені су басу болжануда.

Неғұрлым күрделi жағдай Орынборда және ауданда орналасқан елдi мекендерде болжанып отыр. Алдын ала мәліметтер бойынша 2,5 мыңнан астам үй мен жер телімдері су астына кетеді.