Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендер смартфон арқылы көмек алуға өтініш бере алады

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендер смартфон арқылы көмек алуға өтініш бере алады.

Мұны eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады, деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Ол үшін тек «Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама» қызметіне кіріп, ақпарат енгізіп, электрондық цифрлық қолтаңбаға қол қою қажет.