Қазақ клептократиясы- қазақтың ұры билігі

Коррупция дегенге үйреніп едік, оны әдемілеп «сыбайлас жемқорлық» деп аударып, тігісін жасырып, сол жемқорлардың өзі күнделікті қолданып жүр. Бізге жемқор болмаңдар деп, жиналыс жасап ақыл айтып қоятынын қайтерсің ! Енді Британия парламенті «қазақтың клептократиялық элитасы» дегенді шығарды. Жаман атақ ! Клептократия – ұры билік дегенді білдіреді, мұны «сыбайлас» анау-мынау деп жұмсақтай алмайсың. Клепто- көне гректе – ұрлық, кратос- билік. Ағылшын, міне, бірнеше жүз жыл әлемдік терминдердің бәрін жасайды. Бір таңылды ма, одан қашып құтылу жоқ.
Клептократия билікке көзі алақ-жұлақ етіп «мошенниктер» келсе пайда болады. Мошенник дегенді алаяқ деп аударған дұрыс болар. Өзі отарлық езгіден өлдім-талдым деп әзер шыққан елге алаяқтар билік жасаса, мемлекетпен қоштаса бер. Қазір ұрлық вирусы жеңіп кеткен билікті түгел ауыстырмасаң клептократия жалғаса береді. Ағылшында «клептомания» деген де сөз бар, ол ұрламаса тұра алмайтын ауру деген мағына береді. Қазақта «қолының жымысқысы бар» деген сөз бар, клептоман сол, жымысқы. Менің бізде мемлекет жоқ деп жүргенім де содан, қазақтың ұры билік деп жүргені де содан.
Бұдан құтылу оңай емес, емделу керек. Билік өзін өзі емдей алмайды. Билікті емдеудің бір шарты сыртта жүрген Ә.Қажыгелдин бастаған азаматтарды шақыру керек. Екінші шарты- халықтың өзін -өзі басқару жүйесін жасау керек. Бұл тәжірибемізде, қанымызда бар қоғамдық бірлестіктер біздің тағдырымызды шешеді.

Профеессор Ж.Артықбаев