Кино сценарийден басталады…

Фейсбукте Мұқағали туралы фильм талқыға түсіп жатыр. Біреу мақтайды, біреу жақтайды, біреу сынайды, соңғылары көп сияқты. Мен көрген жоқпын фильмді, бірақ комменттерге қарап мынадай ойға келдім:
Кино сценарийден басталады, сценарий белгілі бір әдебиетке сүйенеді, жақсы көркем фильм жасау үшін жақсы көркем әдебиет керек, көркем әдебиет оңайшылықпен тумайды, оған талант керек және ол ондаған жылдар өмірін сарп етіп, қиналып туынды жасауы керек.

Осыдан кейін сценарий жазылады, ол режиссер қолына түседі. Екеуі де шығармашылықпен ауырған адамдар болуы керек, ол ауру актерлерге де жұғу керек. Бізде многостаночниктер көп, өзі молда, өзі актер, өзі тамада сияқты. Осы тізбек жұмыс істемесе жақсы фильм де шықпайды.

 

Жамбыл Артықбаев