Қарыздары үшін бүкіл отбасына төлеуге тура келеді: Қазақстандағы жаңа заңның проблемалары туралы сарапшы

Займ алуға жұбайының рұқсатын алу қажеттігі туралы заңды парламент мәжілісі қабылдады және ол сенатта қаралуда. Құқық саласындағы сарапшы Дәулет Әбжановтың пікірінше, мұндай шаралар ерлі-зайыптылардың жауапкершілігі мен ақшаны қайтару мәселелерінде қиындықтар тудыруы мүмкін.

Егер кредитті ресімдеу кезінде жұбайының міндетті келісімі енгізілсе, онда банктік қарыз бойынша міндеттеме ортақ болады — мұны банктер кредиттік картаны ресімдеген кезде де талап ететін болады.

«Ал міндеттеме ортақ болғандықтан, мерзімі өтіп кеткен жағдайда олар бірінші кезекте займ бойынша, банктік қарыз шарты жасалған жұбайының жеке мүлкімен емес, ортақ бірлескен мүлкімен жауап беруге тура келеді», — деп атап көрсетеді сарапшы.

Сондай-ақ жаңа заңда ұсынылып отырған шаралардың ішінде банктерді жұбайының келісімінсіз берілген несиені қайтаруды талап ету құқығынан айыру туралы норма бар — заң жобасы, Әбжановтың айтуынша, борышкердің несие беруші есебінен негізсіз байытылуын заңдастырады.