Қазақстанда орман қорын күзету мен қорғау қызметі құрылды

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов орман қорын күзету және қорғау қызметін құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады Үкімет.

Хабарламада айтылғандай, Экология министрлігі жанындағы жаңа республикалық азаматтық қорғау қызметі төтенше жағдайлар кезінде, оның ішінде орман өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылығы мекемелерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Жеке қызметтің қажеттілігі орман өртіне қарсы іс-қимыл ормандарды молықтыру мен ағаштарды кесуге ғылыми тәсілді, профилактикалық шаралар кешенін қабылдауды және тиісті құзыреттерді дамытуды талап етуінен туындап отыр», — делінген хабарламада.

Орман қорын күзету және қорғау қызметінің пайда болуы ірі көлемдегі орман өрттерін жою кезінде мемлекеттік органдарды үйлестіруді жақсартуға мүмкіндік береді, тиісті мекемелердің техника мен жабдықтармен жарақтандырылуын арттырады, сондай-ақ табиғи өрттердің алдын алу және оларды сөндіру саласында сапалы кадр құрамын қалыптастырады деп күтілуде.