Шымкентте жалған полицейлер «патронаждық» үшін ақша талап еткен

Шымкентте күш қолданып, қала тұрғындарының ірі көлемдегі ақшасын жымқырған үш жігіт ұсталды.
Олардың барлығы өздерін полиция қызметкері ретінде көрсетіп, үнемі ақша бопсалаумен айналысып, «патронаждық» үшін ай сайынғы төлемді талап еткен.

«Олардың бірінен жалған полиция қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Екіншісі бұрын алаяқтық үшін сотталған. Мұндай әрекеттер қызметтік міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдарының қызметкерлерінің беделін түсіреді. Сондықтан мұндай фактілер қатаң түрде жолын кесетін болады», — деді ведомство басшысы, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Барлық айыпталушылар қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын рұқсатсыз беру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Күдіктілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.