Азия ойындарының алғашқы алтыны қоржынымызға түсті

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. 

“Скиттегі” топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина жеңіске жетті. Біздің спортшылар сондай-ақ Азия ойындарының рекордын орнатты.

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 медаль бар: 1 алтын, 2 күміс, 7 қола.