Түркістан облысында тәрбиеші баланы аяусыз ұрған

Түркістан облысында баланы қатыгездікпен жөнге салмақ болған тағы бір тәрбиеші жұмысынан айырылды. Бұл жағдай Келес ауданындағы жеке меншік балабақшалардың бірінде болған. Желіде тәрбиешінің баланы ұрған сәттерінің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Еgovpress Telegram арнасында жарияланған бейнежазбадан тәрбиешінің баланы сілкілеп, ұрған сәттерін көурге болады.

Облыстық білім басқармасы тергеу құпиясын алға тартып, тәрбиеші жөнінде мағлұмат беруден бас тартты. Бір анығы, ол жұмысынан босатылып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.

«Түркістан облысы Келес ауданында орналасқан «Ақмаржан» балабақшасы тәрбиешісінің баланы ұрып-соққаны сол балабақшадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Баланың анасы полиция бөліміне арыз түсірді, арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Түркістан облысының білім басқармасы.

Құқық қорғаушылар балабақшада болған жайтқа түсініктеме беруге уәде етті.