Алматы облысында 10-сынып оқушысы 6 баланы көлікпен қағып кетті

Алматы облысында 10-сынып оқушысы бес оқушыны көлікпен қағып кетті. Үш оқушының жағдайы ауыр.

Облыстық полиция қызметінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтып берді.

«2023 жылғы 21 қыркүйегінде Нарынқол ауылында 15 жасар жасөспірім Subaru көлігін басқарып келе жатып, рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кетіп, ондағы жаяу жүргіншілерді қағып кеткені туралы хабарлама түсті», — деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатының салдарынан 2008 жылы туған алты бала зардап шекті.

Бес бала ауруханаға жатқызылды.

Ведомство өкілдері қазір сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын айтты.